СҚО-да жөндеу науқаны аяқталды

СҚО-да жөндеу науқаны аяқталды

Облыстық әкiмдiктiң отырысында 10 айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындылары талқыланды.

Биыл құрылыс жұмыстарының көлемi 10,4% өсiп, 70 млрд.тг жеттi. 270 ауылдың инфрақұрылымы жаңартылды. 107 мектеп, 42 мәдениет және спорт нысаны, 33 аурухана, 288 км су тарату жүйесi жөнделдi. Көп жылдардан берi 74 ауылда жолдарға асфальт төселдi. Абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары да жүргiзiлдi.

«Биыл ауқымды жұмыс жүргiзiлдi. Келесi жылы жалғастырамыз. Аудан әкiмдерi тиiстi жобаларды дайындауы тиiс», — дедi өңiр басшысы Құмар Ақсақалов.