Облыс әкімі Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Облыс әкімі Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

📚 Сіздерді Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кітап - адамзат баласының сан ғасырлық рухани қазынасы, білім мен даналықтың сарқылмас бұлағы. Кітап арқылы халықтың тарихы сақталып, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгілік құндылықтар нығая түседі.

Сондықтан бүгінгі таңда да кітап оқу қоғам дамуының маңызды тетігі болып, ойы ұшқыр, білімі терең, рухы биік ұрпақтың қалыптасуына жол ашады.

Кітапқа деген құрмет пен білімге құштарлық әрдайым сіздерді алға жетелеп, жаңа жетістіктерге бастай берсін, өмірлеріңізді мағыналы әрі жарқын істермен толықтырсын.