
Бүгін Петропавл қаласында 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды.
Жаңа пәтерлердің кілтін алғашқы 32 қоныс иесі алды. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтар санатындағы азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер бар. Салтанатты кілт табыстау рәсіміне облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты.
«Азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Мемлекет пен қаржы институттарының жүйелі жұмысының арқасында, бүгінде жерлестеріміздің баспаналы болу арманы орындалып жатыр.
Жаңа қоныс иелерін осы маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңырақта жайлылық, береке мен қуаныш салтанат құрсын»,- деді өңір басшысы.