Еңбек пен кәсібилікке - жоғары баға

Еңбек пен кәсібилікке - жоғары баға

Облыс әкімі Мемлекет басшысының атынан бірқатар солтүстікқазақстандықтарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етті.

«Бұл жетістіктер елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси жаңғырулар аясында айрықша маңызға ие. Осындай еңбекқор, жауапкершілігі жоғары азаматтардың арқасында еліміздің тұрақты дамуы қамтамасыз етіліп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы бастамалар өз нәтижесін береді деп сенемін»,- деп айтты өңір басшысы.