Өңірде су тасқыны жағдайына мониторинг жалғасуда

Өңірде су тасқыны жағдайына мониторинг жалғасуда

Өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Облыс әкімі Қызылжар және Есіл аудандарының, Петропавл қаласының, сондай-ақ Сергеев су қоймасының аумағына аэровизуалды мониторинг жүргізді.

Сергеев су қоймасындағы бірінші толқынның шарықтау шегі 7 сәуірге сәйкес келді, су деңгейі 122 см-ге жетті. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп жатыр, бүгінгі көрсеткіш - 99 см.

Алдағы күндері бірінші толқын Есіл және Қызылжар аудандары, сондай-ақ Петропавл қаласы арқылы өтеді. Бүгін қалалық гидроторапта шандорларды толық ашу және нысанды транзиттік режимге көшіру жоспарлануда.

Жағдай тұрақты бақылауда.