
Биыл жөндеу жұмыстары Парковая көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба аясында тас төсемін ауыстыру, жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сәулеттік келбетін кешенді түрде жаңарту көзделген. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері жаңартылады. Одан бөлек субұрқақтарды жөндеу және абаттандыру элементтерін орнату жоспарланған.
Сонымен қатар Пестрое көлі маңында «Qyzyljar» эко-паркін құру жобасы жүзеге асырылуда. Саябақтың жалпы аумағы 41 гектарды құрайды. Мұнда жыл бойы демалуға, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған қолжетімді кеңістік құрылып, триатлон парк орналаспақ
Жоба аясында аумақты абаттандыру, жарықтандыру жүйесін орнату, шағын сәулеттік нысандарды орналастыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен бірге Тепличное ауылы арқылы паркке апаратын кірме жолды кеңейту және 520 орындық автотұрақ салу жобасы әзірленуде.