
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыс көлемінде ауқымды сенбіліктер өтуде. Мыңдаған облыс тұрғыны көшелерді, аулаларды, саябақтарды тазалауға шығып, өңірдің тазалығы мен абаттандырылуына өз үлестерін қосуда.
«Сенбіліктер – экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызды қадамы. Барша облыс тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Өйткені «Таза Қазақстан» әрқайсымыздан басталады»,- деді өңір басшысы.
Абаттандыру жұмыстары үш айлық аясында жалғасын табады. Осы кезеңде инфрақұрылымды жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ облыс аумағын санитарлық тазарту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35,5 мың ағаш пен 13 мың бұта отырғызу, 90 мыңға жуық аула аумағын тазалау және абаттандыру, сондай-ақ 70 демалыс аймағын ретке келтіру жоспарланған.