
Бұл - тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды талқылау және практикалық ұсыныстарды біріктіретін дәстүрлі алаң. Кеңес жұмысына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, ғалымдар, эксперттермен өңір аграрилері қатысты.
«Биылғы жылдың негізгі міндеттерінің бірі - егістік алаңдарын әртараптандыру, жоғары маржалы дақылдарды көбейту және заманауи, соның ішінде су үнемдейтін агротехнологияларды енгізу. Ауыл шаруашылығын дамытудағы тұрақты нәтижелер тек ғылым, бизнес және мемлекет бірлескен әрекеті арқылы ғана қол жеткізіледі. Алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы өнім берушілерінің тәжірибесі мен заманауи ғылыми әзірлемелер басқарушылық шешімдер қабылдаудың және тиімді практикаларды енгізудің негізі болуы тиіс, сондықтан бұл білімді тәжірибеде белсенді қолдану және оларды кең көлемде енгізуге жағдай жасау маңызды»,- деді өңір басшысы.
2026 жылы егіс алқабы 4,3 млн гектардан асады. Әртараптандыру шеңберінде астық дақылдарының алаңы 2,9 млн га-ға қысқарса, майлы дақылдар 1 млн га-ға, мал азығы дақылдары 405 мың га-ға ұлғайтылды. Су үнемдейтін технологияларды қолдану алаңы 13 мың га-дан асты.
Өнеркәсіп тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда: шамамен 400 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған, органикалық тыңайтқыштарды қолдану дамуда. Егіс науқанына 10 мыңнан астам трактор, 14 мыңға жуық арнайы техника және 1,5 мың заманауи егіс кешені тартылмақ.
Мемлекеттік қолдау және ерте қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы өнім берушілеріне егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік берілді. «Кең Дала» бағдарламасы аясында 63,5 млрд теңге беріліп, техника жаңартуға 49 млрд теңге қарастырылған.