Солтүстік Қазақстандықтардың еңбегі еленді

Солтүстік Қазақстандықтардың еңбегі еленді

Облыс әкімі  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан солтүстікқазақстандықтарға ордендер мен алғыс хаттар табыстады. Марапатталғандардың қатарында қоғам қайраткерлері, жұмысшы мамандық иелері, мемлекеттік қызметшілер және белсенді жастар бар.

«Жерлестеріміз Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға белсене қатысып, демократиялық негіздерді нығайтуға, мемлекеттік институттарды жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдады. Бұл ел дамуы жолындағы маңызды қадам болды.

Бүгінгі марапат күнделікті еңбектің, іске адалдықтың және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын тағы бір мәрте айқындайды»,- деді өңір басшысы.