Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті

Жаһандық бәсекеде алтын және қола медаль жеңіп алған жерлесеміз  Мемлекет басшысының Жарлығымен  III дәрежелі «Барыс»  орденімен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысының тумалары - Ербол Хамитовтың жеке жаттықтырушылары да жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Антон Жданович «Парасат» орденімен марапатталса, Аслан Токбаев «Құрмет» орденімен наградталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін өте табысты болғанына тоқталды.

«Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті, көк Туымызды биікте желбіретті. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін күллі әлемге паш етті. Сондықтан, ең алдымен, саған және бапкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Паралимпиада ойындарына аттанар сәтте мен еліміздің көк Туын саған табыстадым. Сол артылған сенімді толық ақтап, Қазақстанға жеңіспен оралдың. Керемет нәтижеге жеттің! Соның арқасында еліміз командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді», деді Мемлекет басшысы.