СҚО әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

СҚО әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – елді ұйыстырып, жұртты жақындастыратын, халқымыздың тамыры терең дәстүрлерімен қайта табыстыратын тағылымды мереке. Ол бізге ең қастерлі құндылықтарды – өзара сыйластықты, жанашырлықты және бір-біріне демеу бола білуді терең ұғындырады.

Қай заманда да бұл мереке бірлік пен келісімнің айқын белгісі болып келді. Бүгінде де осы құндылықтар ортақ дамуымыздың берік негізіне айналып отыр. Сіздердің ауызбіршіліктеріңіз бен табанды еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің арқасында өңіріміз алға басып, көркейіп, нығая түсуде.

Осы мерекелі күндері әр шаңырақта жылулық пен береке салтанат құрып, әр отбасында түсіністік пен қуаныш орнасын деп тілеймін. Ізгі ниеттеріңіз жүзеге ассын.

Әз Наурыз игі бастамалардың бастауы болып, туған өлкеміздің өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктерге жігер берсін!