105 жылдық мерейтой: «Soltüstık Qazaqstan» газетіне құрмет көрсетіліп, редакцияға жаңа автокөлік табысталды

105 жылдық мерейтой: «Soltüstık Qazaqstan» газетіне құрмет көрсетіліп, редакцияға жаңа автокөлік табысталды

Бүгін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Soltüstık Qazaqstan» газетінің 105 жылдығына арналған «Мағжаннан басталған жол» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Маңызды жиынға Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келді.

Ғасырдан астам уақытта басылымда еңбек еткен қаламгерлер қоғамның рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып, оқырманға бағыт-бағдар берер мазмұнды дүниелер ұсынды. Бүгінде бұл игі дәстүрді жаңа буын журналистері лайықты жалғастырып, газет заман талабына сай жаңғырып, ақпараттық кеңістіктегі орнын нығайтып келеді.

Конференция барысында журналистиканың өзекті мәселелері мен баспасөздің қоғамдағы рөлі жан-жақты талқыланды. Салаға елеулі үлес қосқан бірқатар журналистер мемлекеттік марапаттарға ие болып, медальдармен және Алғыс хаттармен наградталды.

Мерейтой аясында редакцияға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, газет орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, редакция ұжымына жаңа қызметтік автокөлік табысталды.

Бұл бастамалар ұлттық баспасөзді қолдауға және журналистердің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.