
Құрметті жерлестер!
Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан айында жасалған игі амалдар мен ақ ниеттеріңіз қабыл болып, әр шаңыраққа береке мен ырыс әкелсін.
Ораза айт – қоғамымыздағы татулық пен бірлікті нығайтатын, адамдарды өзара сыйластық пен жанашырлыққа үндейтін маңызды мереке. Осындай асыл құндылықтар өңіріміздің өсіп-өркендеуіне, ел ішіндегі тұрақтылық пен келісімнің арта түсуіне негіз бола берсін.
Осы айтулы күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әр үйге шаттық пен молшылық тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік салтанат құрсын!
Айт мерекесі құтты болсын!