Жаңару күні: облыс әкімі Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды

Жаңару күні: облыс әкімі Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды

19 наурыз – Жаңару күні аясында облыс әкімі Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды. Сапар барысында өңір басшысы оқу үдерісімен, білім алушыларға жасалған заманауи жағдайлармен танысып, оқушылармен мазмұнды пікір алмасты. Мектеп оқушылары өз жетістіктері, ғылыми жобалары мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

Петропавл қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Олардың қатарында жүлдегерлер мен жеңімпаздар аз емес, олар өңір мен ел абыройын халықаралық деңгейде лайықты қорғауда.

Облыс әкімі Жаңару күнінің мәніне тоқталып, білім мен жастарды қолдаудың маңызын атап өтті.

«Бұл күні жас ұрпаққа, олардың білімі мен талпынысына айрықша назар аудару маңызды. Өйткені шынайы жаңару сапалы білім мен ел ертеңін айқындайтын жастарды қолдаудан бастау алады.Сонымен қатар, білім беру жүйесін дамыту, дарынды және талантты жастарды қолдау, заманауи әрі қолжетімді білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі»,- деді өңір басшысы.