Облыста 11 IT-орталық жұмыс істейді 

Облыста 11 IT-орталық жұмыс істейді 

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Аққайың ауданына барды. Смирново ауылында заманауи IT-орталықтың жұмысымен танысты - бұл облыс бойынша  ашылған 11-ші орталық. 

Жаңа орталық білім алып, дамуға қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Бұл – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы, олардың әлеуетін ашып, заманауи, сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне жол ашады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеміз. Біздің облыс – мұндай орталықтар тек қалаларда ғана емес, аудандар мен ауылдарда да ашып жатқан елдегі алғашқы өңір»,-  деді өңір басшысы.