Аққайың ауданындағы Жаңару күні – бірлік пен дамудың мерекесі

Аққайың ауданындағы Жаңару күні – бірлік пен дамудың мерекесі

Өңір басшысы Аққайың ауданының тұрғындарымен бірге мерекелік іс-шараларға қатысты.

Осы күндері облыстың барлық аудандарында Наурызнама онкүндігі кеңінен аталып өтуде. Бүгін, 19 наурыз – Жаңару күні. Бұл – жаңару мен жаңа бастамалардың, игі өзгерістердің күні. Осындай сәтте дамуға ұмтылып, бірлікті нығайтып, туған өлкенің өркендеуіне үлес қосу маңызды.