Кәсіпкерлік қолдаудың арқасында білімге жаңа серпін

Кәсіпкерлік қолдаудың арқасында білімге жаңа серпін

«Полтавское» ЖШС ауыл мектебін жөндеуге 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Бұдан бөлек, білім саласын дамытуға 120 млн теңге инвестицияланды. Полтавка орта мектебі өңірде алғашқылардың бірі болып «Жас ғалым» бағдарламасын енгізді. Жоба қосымша курстар мен тәжірибелік сабақтар арқылы, оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілетін және инженерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.