«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз - Ұлттық киім күні ретінде белгіленді

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз - Ұлттық киім күні ретінде белгіленді

Бүгін көпұлтты өңіріміздің тұрғындары осы игі бастаманы ерекше ықыласпен қолдады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ұстаздар қауымы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілері ұлттық киім киіп, шараға белсене қатысты.

Бұл – өңір тұрғындарының салт-дәстүрге деген терең құрметін және ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.