
Сапар аясында өңірдің қоғам өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Жаңа Конституция жобасының негізгі тұстары, сондай-ақ әлеуметтік даму, экономикалық өсім және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Одан бөлек Сенат Төрағасы әрбір азаматтың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жұмыстың елдің болашағын нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.