Облыс әкімі жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды

Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі - тұрғын үй мәселесін шешу арқылы азаматтардың өмір сапасын көтеру болып табылады.  Бүгін Тайынша қаласында әлеуметтік осал топтарға арналған жаңа 18 пәтерлі үйдің кілттері табысталды.

Өңір басшысы «Lera NORD» ЖШС инвестициялық жобасының іске асырылуымен танысты. Кәсіпорын сүт өңдеуден бастап ірімшік өндірісіне дейін толық циклмен жұмысты іске қойған. Өткен жылы жылдық қуаты 600 тонна болатын ультрапастеризация цехы іске қосылды. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуына және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес болып табылады.

Сондай-ақ еліміздегі ең ірі бидайды терең өңдейтін «BIO Operation» ұжымымен кездесті. Кәсіпорын глютен мен крахмалды Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Норвегияға және Еуропалық одақ елдеріне экспортап, қазақстандық өнімді халықаралық нарықта лайықты түрде танытып келеді.

«Мұндай кәсіпорындардың дамуы - жаңартылған Конституция нормаларының практикалық іске асуы болып табылады. Өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті нығайту арқылы өңірлердің тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру қамтамасыз етіледі»,- деп атап өтті өңір басшысы.

Жұмыс сапары аясында Облыстың құрметті азаматы Қазиза Құжанқызы Кенесбаевамен кездесті. 26 жылдан астам тракторшы болып еңбек еткен ол өңірдегі алғашқы әйел-механизаторлардың бірі.

Сондай-ақ  облыс әкімі мереке қарсаңында аудан әйелдерімен кездесіп  келе жатқан мейраммен құттықтады. Кездесу барысында жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік сала мен ауылдағы әйелдердің рөлі мәселелерін талқыланды.