Тарихи жеңіс! Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды

Тарихи жеңіс! Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды

Біздің жерлесіміз Кристина Шумекова отандық спорт тарихына өз есімін алтын әріппен жазды. Ол конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды. 1000 метр қашықтықта Шумекова ең үздік уақыт көрсетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті.

Бұл жеңіс – тарихи жетістік. Бұған дейін қазақстандық жасөспірім қыздар арасында ешкім әлем чемпионатында үш бірдей алтын медаль жеңіп алмаған еді.

Кристина Шумекованы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата берсін!