Әкімдіктің отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды

Әкімдіктің отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды

✔️ 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір барлық негізгі салаларда экономикалық өсім көрсетті. 2026 жылдың қаңтар айының деректері бойынша оң динамика сақталуда:

 • Өнеркәсіп — 7,7% өсім;

 • Ауыл шаруашылығы — 5,8% өсім;

 • Құрылыс — 35,1% өсім;

 • Тұрғын үйді пайдалануға беру — 23,0% өсім;

 • Сауда — 37,7% өсім;

 • Көлік — 10,4% өсім.

«Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің инвестиция тартуға және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталуы қажет екенін ерекше атап өтті. Сол себепті 2026 жылға экономиканың өсуін кемінде 7%-ға жеткізу және негізгі салалардағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу міндеті қойылды»,- деді өңір басшысы.

✔️ Су тасқыны кезеңіне дайындыққа ерекше бақылауда.  Қауіпті аймақта 112 елді мекен бар. Дайындық аясында жалпы ұзындығы 24,5 шақырым болатын 6 қорғаныс бөгеттерінің құрылысы пысықталуда.

✔️ Жедел әрекет ету үшін 2 223 құқық қорғау және жергілікті орган қызметкерлерінен құралған топ, 1 428 бірлік арнайы техника және инертті материал қоры жасақталған.

Отырыс барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов профилактикалық шаралады күшейту, дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтау және халықты тұрақты хабардар ету жөнінде тапсырмалар беріді.