Петропавлда «Trash Art Fest - қоқысты өнерге айналдырамыз» атты шеберлік сабағы өтті

Петропавлда «Trash Art Fest - қоқысты өнерге айналдырамыз» атты шеберлік сабағы өтті

Петропавл қаласында коворкинг-орталығында «Trash Art Fest - қоқысты өнерге айналдырамыз» атты шығармашылық шеберлік сабағы өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Таза Қазақстан экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылды.

Шеберлік сабағының негізгі мақсаты - тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірге ие бола алатынын іс жүзінде көрсету болды. Іс-шара барысында балалар ата-аналарымен бірге пластикалық бөтелкелер мен картон қораптардан құстарға арналған жемшашарлар жасады. Қатысушылар қайта өңдеу мен заттарды қайта пайдаланудың тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық тұрғыдан қызықты екенін тәжірибе жүзінде көрді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тазалық пен табиғатқа жанашырлық бір реттік акция емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Оның айтуынша, қоршаған ортаға қамқорлық жеке жауапкершіліктен және нақты әрекеттерден басталады.

Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Абдин Дамир Балташевич мұндай бастамалар отбасыларды біріктіріп, жас ұрпаққа дұрыс құндылықтарды сіңіруге ықпал ететінін атап өтті:

«Балалар мен ата-аналарды бірлескен экологиялық іс-шараларға тарту аса маңызды. Шығармашылық арқылы біз қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастырамыз. Бұл шеберлік сабағы жай ғана жемшашар жасаумен шектелмей, Мемлекет басшысы ұсынған “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында тазалық мәдениеті мен жауапкершілікті тәрбиелеуге қосылған үлес болды».

«Карандаш» көркемсурет мектебінің жетекшісі Кондрашова Татьяна Викторовна іс-шараның шығармашылық қырын ерекше атап өтті:

«Өнер идеядан басталады. Біз балаларға ең қарапайым материалдардың өзі пайдалы әрі әдемі бұйымға айнала алатынын көрсеткіміз келді. Мұндай формат қиялды дамытып, экологиялық ойлауды қалыптастырады және бұрын қажетсіз деп саналған заттардың құндылығын түсінуге үйретеді».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Trash Art Fest» отбасылық қарым-қатынасқа, идея алмасуға және бірлескен шығармашылыққа арналған алаңға айналды. Іс-шараның басты мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту және өңір тұрғындарын экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту болды.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan