Өңірдің ғылыми-технологиялық дамуы талқыланды

Өңірдің ғылыми-технологиялық дамуы талқыланды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен  ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ғылым нақты өндіргіш күшке айналып, экономиканың дамуына, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Бұл басымдықтар жаңартылған Конституция нормаларында да көрініс табады.

«Ғылымды дамыту бағытында М.Қозыбаев атындағы СҚУ маңызды рөл атқарады. Бүгінде университет өңірдің нақты сұраныстарына сай жұмыс жүргізіп, ғылым, білім және өндірісті интеграциялайтын орталыққа айналып отыр. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кешенін дамыту, экология және өнеркәсіп саласындағы практикалық мәселелерді шешуге бағытталған «Tomorrow School» білім беру кампусы, «Агрохиманалитика» және «Су сапасын бағалау» зертханалары іске қосылды»,- деді өңір басшысы.

Кеңес отырысының барысында ғылыми жобаларды әзірлеуден бастап өңір кәсіпорындарында енгізуге дейінгі толық циклді жүйелі қолдауды қамтамасыз ететін жол карталары мен салалық консорциумдар құру жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойылды.