
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай - рухани тазалыққа, ізгі амалдарға, сабырлылық пен мейірімділікке шақыратын ерекше уақыт.
Рамазан – жақсылыққа ұмтылу, отбасы мен қоғамдағы татулықты нығайту айы. Бұл айда қайырымдылық жасау, мұқтаждарға қолдау көрсету - баршамызға парыз.
Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, тыныштық пен береке тілеймін. Ораза айы құтты болсын!