
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкімімен Беспаев Әлішер Жанатұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Әлішер Жанатұлы Алматы қаласының тумасы. Астана университетін және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы «NES Company» серіктестігінде сарапшы-энергетик болып бастаған. Әр жылдары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
Осы тағайындауға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы қызметін атқарды.