
Ералы Тоғжанов бастаған топ Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді.
✔️ Президенттің халықты ауыз сумен 100 % қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста кешенді жұмыс жүргізілуде. Ауылдарла жаңа сумен жабдықтау нысандарын салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары атқарылды.
✔️ Үкіметтің қолдауымен өткен жылы сумен жабдықтау саласын дамытуға барлық қаржыландыру көздерінен 74 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жұмыстар 140 ауылда жүргізіліп, оның ішінде 88-і алғаш рет ауыз сумен қамтамасыз етілді, ал қалған елді мекендерде сумен жабдықтау қызметінің сапасы жақсартылды.
✔️ Жаңа нысандар салумен қатар, өңірде қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін жақсарту және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы осы бағытта 34 жобаны іске асыру басталып, оның 13-і аяқталды. Ағымдағы жылы қолданыстағы сумен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған тағы 17 жобаны жүзеге асыру көзделген.