
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың көкейкесті сауалдарын тыңдады.
Кездесу барысында еңбек қатынастары, ескерткіш мемориалдар орнату, сондай-ақ жер мәселелері көтерілді.
Әрбір өтініш бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды.