
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Абай Қуатбаевич Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Абай Қуатбаевич 1978 жылы туған, Қызылорда облысының тумасы.
2000 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2002 жылы М. С. Нарикбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, ал 2024 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын «құқықтану», «экономика», «персоналды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.