Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл 2-ЖЭО жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді. 

Қазіргі уақытта станцияда 10 қазандық пен 7 турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Қалада жылыту маусымы 3 түтін мұржасымен басталған болатын. Жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, жылумен қамтамасыз ету көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай.

«2025 жылы облыс көлемінде 12,6 шақырым жылу желісі, 1 520 шақырым электрмен жабдықтау желісі қайта жаңғыртылып, 227 қосалқы станциясына реконструкция жүргізілді. Бұның барлығы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр»,- деді өңір басшысы.

Жалпы облыс бойынша 484 қазандық жұмыс істейді. 562 мың тонна көмір қоры дайындалды. Жылыту маусымының өту барысы ерекше бақылауда.