
Есіл ауданының Николаевка, Корнеевка және Покровка ауылдарында заманауи IT-орталықтар өз жұмысын бастады. Жаңа орталықтар шамамен 11 мың тұрғынды, оның ішінде 2,5 мыңға жуық жасты қамтымақ.
IT-орталықтар заманауи компьютерлермен және жоғары жылдамдықтағы интернетпен жабдықталған. Мұнда бағдарламалау, робототехника және цифрлық сауаттылық бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Жоба ауылдық жерлерде цифрлық дағдыларды дамытуға және жастарды қолдауға бағытталған.