Облыс әкімі Ербол Хамитовты Германияда өткен Әлем кубогы кезеңіндегі табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Облыс әкімі Ербол Хамитовты Германияда өткен Әлем кубогы кезеңіндегі табысты өнер көрсетуімен құттықтады

«Ербол LW 12 санаты бойынша 7,5 шақырымдық қашықтықта қола медаль, сондай-ақ 0,9 шақырымдық спринтте күміс жүлде жеңіп алып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Бұл нәтижелер XIV Қысқы Паралимпиада ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады. Алда Ерболды Польшада өтетін Әлем кубогының тағы екі кезеңі күтіп тұр. Сәттілік тілеймін! СҚО сенімен бірге!»,- деді өңір басшысы әлеуметтік желілерде.