
Бүгін Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы ірі сауда орындарында азық-түлік бағаларын тексерді.
Өңірде бағаның өсуін болдырмау мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Өткен жылы қаржыландырылу көлемі 2,9 млрд теңгені құрап, шамамен 13 мың тонна өнім сатып алынды. Бұл қала тұрғындарының үш айлық қажеттілігінің 50%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі күні тұрақтандыру қорында шамамен 12 мың тоннаны азық-түлік бар.
«Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесі 15%-дан аспайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді, бұл халықты қолжетімді бағада түрлі өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық азық-түлік 32 сауда нүктесінде, оның ішінде Петропавл мен Бескөлдегі 8 тұрақтандыру қорында сатылады. Бағаның өсуіне жол бермеуді арнайы мониторингтік топ қадағалайды»,-деді өңір басшысы.