
Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов өмірден озды. 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалған еді. Ол өңірдегі соңғы ардагер болатын. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтты.
Федор Васильевичтің өмірі – төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, бейбіт заманда да елге адал қызметін жалғастырды.
«Жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынмын. Оның әңгімелері - даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады!,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.