
Тепличное, Прибрежное, Бескөл ауылындағы бөгеттерді салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысандардың барлығы толықтай бетон плиталарымен нығайтылатын болады.
Сонымен қатар, электр желілерінің құлау қаупін болдырмау мақсатында «СК РЭК» АҚ темірбетон және металл тіректерін, мұз кескіш құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізуде. Желілердің өткелдерін орнатуда СИП сымдары қолданылған, бұл электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін едәуір арттырады.
Сондай-ақ Прибрежное ауылына баратын автомобиль жолын қайта жаңғырту және көпір салу жұмыстары басталды. Қыс мезгілінде көпірдің конструкциясын орнату, сондай-ақ топырақты ірі тастармен тұрақтандыру жоспарлануда. Негізгі жұмыстар 2026 жылы орындалатын болады.