Бүгін облыс орталығында Президент  шыршасы өтті

Бүгін облыс орталығында Президент  шыршасы өтті

Мерекелік іс-шараға өңірдің ең ақылды, белсенді әрі дарынды 200 оқушысы қатысты. Балалар үшін облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Облыс әкімі  Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан балаларды алдағы Жаңа жылмен құттықтап,зор денсаулық, оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен асқақ армандарының орындалуы тіледім.