
Ғауез Нүрмұхамбетов мекеменің жұмысымен танысып, балаларға көрсетіп жүрген қамқорлығы, төзімділігі мен тәрбиесі үшін ұжымға алғысын білдірді.
«Келер жылы мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, балалар үшін жайлы әрі ыңғайлы жағдай жасауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтитын боламыз. Жаңа жыл әрбір балаға қуаныш, мықты денсаулық әкелсін, ең бастысы – әрбір бала махаббат пен қамқорлықта өсіп, шынайы отбасының жылуын сезінсін»,- деді өңір басшысы.