
Петропавлда «Аяз ата бол» атты ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Бұл игі бастамаға Петропавл қаласынан 500-ден астам бала қатысты. Әрбір жанашыр жан балаларға нағыз жаңа жылдық ғажайып сыйлап, олардың жүрек қалауын орындай алады.
«Қайырымдылық акциясына мен де қатыстым. Мансур мен Жанель Елубаевтардың арманын орындау бұйырды. Балалардың барлық тілегі орындалып, жаңк жыл мықты денсаулық, қуаныш пен үлкен жетістіктер әкелсін деп тілеймін.Мұндай акция жыл сайын өткізіліп, болашақта бүкіл облыс көлемінде жүзеге асатынына сенемін!»,- деді өңір басшысы.