Тайынша ауданының Чкалово ауылында оңалту орталығы салынып жатыр

Тайынша ауданының Чкалово ауылында оңалту орталығы салынып жатыр

Өңір басшысы Чкалов ауылында салынып жатқан «Қамқорлық» оңалту орталығының құрылысымен таныстым. Жалпы аумағы 1000 шаршы метрден асатын жаңа орталық  күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Чкалов дәрігерлік амбулаториясының негізінде орналасатын болады.

Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ жүйелі оңалтуды қажет ететін басқа да ауытқулары  бар балаларға арналған. Мұнда барлық қолайлы жағдай жасалып, білікті мамандар жұмыс істеп, тиімді оңалтуға арналған заманауи әдістемелер мен жабдықтар енгізіледі.

Жыл сайын Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарынан 600  бала қажетті оңалту көмегін ала алады. Жобаны іске асыру «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында қор орталықты заманауи жабдықтармен және қажетті жиһазбен қамтамасыз етеді.