Жаңартылған әмбебап теннис орталығы спортшыларды қабылдауға дайын

Жаңартылған әмбебап теннис орталығы спортшыларды қабылдауға дайын

Теннис орталығы 2018 жылы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынып, жеке меншікте болған. Бірнеше жылдан кейін құрылыс кемшіліктері анықтала бастады: алаңның жабындысы жарылып, дренаж жүйесі істен шықты. Заңға сәйкес нысанды бірден мемлекет меншігіне беру мүмкін болмады, осы жылдар ішінде сот процестері жүргізілді. Тек биылдың жазында орталық мемлекеттік меншігіне қайтарылып, жергілікті бюджет есебінен кешенді жөндеу жұмыстары басталды. 

Жарты жылдық жөндеуден кейін орталық спортшыларды қабылдауға дайын.

Нысан толықтай заманауи стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді: тенис алаңы, дренаж жүйесі жаңартылды, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Қазіргі уақытта төрт жабық және үш ашық корт жұмыс істейді, сондай-ақ 1000 орындық көрермен трибунасы бар.

Осы күндері орталықта облыстық турнир өтіп жатыр, оған еліміздің түкпір — түкпірінен 60-тан астам теннисші қатысуда. Ал қаңтар айында алғашқы халықаралық ірі теннис жарысы өтпек. 15 елден келген спортшылар қатысатын  болады.

Балалар спортын әрі қарай дамыту аясында 10 білім беру ұйымында үлкен теннис секцияларын ашу жоспарланып отыр. Мұнда Қазақстан теннис федерациясы елеулі қолдау көрсетіп, барлық алаңдарды қажетті жамбыдқтармен қамтамасыз етпен. Бірінші нысан бүгін Береке шағын ауданындағы №29 мектепте ашылды.