Петропавлда Заречный кентінің тұрғындарын көшіру жұмыстарының бірінші кезеңі басталды

Петропавлда Заречный кентінің тұрғындарын көшіру жұмыстарының бірінші кезеңі басталды

Тәуелсіздік күнінде облыс орталығында «Жас Өркен» шағын ауданында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бүгін 40 отбасы пәтер кілттерін алды. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін  табысталатын болады.

Бұл су тасқыны қаупі бар аймақта көп жылдар бойы тұрып келген халық үшін маңызды оқиға. Негізгі мақсат – тұрғындарды қауіпсіз, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету. Қоныс аудару жұмыстары келер жылы да жалғасатын болады.