
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, ел бірлігі мен тұрақты дамуының берік негізі. Осы жылдар ішінде Қазақстан өз жолын айқындап, бейбітшілік пен келісімді басты құндылық еткен, болашағына сеніммен қарайтын қуатты мемлекетке айналды.
Бұл мереке - өткенге тағзым етіп, келешекке нық қадам басатын айрықша күн. Ел игілігі жолындағы бірлескен еңбегіміз, ауызбіршілігіміз бен жауапкершілігіміз тәуелсіздігімізді нығайта түсетініне сенімдімін.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен тұрақты тыныштық тілеймін.