
Шалқар және Имантау көлдерінің жағасында заманауи модульдік құтқару станциялары пайдалануға берілді. Капсулалық үлгідегі нысандар бір-бірінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан және жыл сайын шамамен 100 мың туристі қабылдайтын 40-тан астам орналастыру нысанының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Жаңа құтқару станцияларының ашылуы – Имантау–Шалқар курорттық аймағындағы қауіпсіздік жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болмақ. Бүгінде аталған өңір ішкі туризмнің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі болып саналады.