Швейцариялық Harvest Group SA  компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында агроиндустриялық кластерді іске қоспақ

Швейцариялық Harvest Group SA  компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында агроиндустриялық кластерді іске қоспақ

Бүгін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Harvest Agro Holding компаниясының негізін қалаушы Алмаз Әлсеновпен  ресми кездесу өткізді.

Компания швейцариялық Harvest Group SA корпорациясының құрамына кіреді. Кездесу барысында стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның аясында Harvest Agro Holding біздің облыста агроиндустриялық кластер құратын болады.

Жобаның алғашқы кезеңінде 10 мың гектар жерді игеру жоспарланған, кейінге кезеңдерде аумақ 50 мың гектарға дейін кеңейтіледі. Компанияның инвестициялары заманауи агроиндустриялық қуаттарды дамытуға, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және өңірдің дамуына бағытталмақ.

Сонымен қатар, ынтымақтастық аясында дзюдомен айналысуға арналған халықаралық стандарттарға сай келетін екі көпфункционалды спорт орталығын салу туралы Меморандумға қол қойылды. Нысандардың бірінде қонақ үй кешені қарастырылған. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылатын болады.