СҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді

СҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің дамуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Атқарылып жатқан барлық жұмыс Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруға және тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Аграрлық секторды нығайту, өнеркәсіптік әлеуетті арттыру және инвестиция тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты назарда: жолдарды жөндеу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды құрылысын жандандыру.

Инфрақұрылым бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды: 76 шақырым инженерлік желі жөрделді, үш қосалқы станция қайта жаңғыртылды, 1,5 мың шақырым электр желісі мен 13 шақырым жылу желісі жөнделді. Ауыл тұрғындарын ауыз.

сумен  қамтамасыз етуге рекордтық 74 млрд теңге бөлінді. 1,1 мың шақырым автожол жөндеуден өтті. «Петропавл – Жезқазған» және «Мамлютка – Қостанай» бағыттарындағы учаскелер он жылдан бері алғаш рет кешенді жөндеумен қамтылды.

Әлеуметтік салада мектептерге күрделі жөндеу жүргізілді, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, балабақшалар мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы жанданды.

Инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект ауыл шаруашылығынан бастап білім беру процесіне дейін барлық салаларға енгізілуде.

Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сауалдарын қойды. Бұл талқылаулар алдағы жұмыстың басымдықтарын нақтылауға көмектеседі.