«Таза Қазақстан» аясында СҚО-да «Балық аулау торлары теңізі» эко-кинокөрсетілімі өтті

«Таза Қазақстан» аясында СҚО-да «Балық аулау торлары теңізі» эко-кинокөрсетілімі өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Балық аулау торлары теңізі. 1-бөлім» деректі фильмінің экологиялық кинокөрсетілімі өтті. Іс-шараны облыстық Жастар ресурстық орталығы еріктілердің фронт-офисімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараны облыстық Жастар ресурстық орталығы еріктілердің фронт-офисімен бірлесіп ұйымдастырды. Кинокөрсетілім жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және су айдындарының ластануы мен антропогендік әсердің салдарына назар аудартуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі болды.

Фильм Каспий теңізінің ластану мәселелерін көтеріп, табиғатты қорғауда әр адамның үлесі маңызды екенін көрсетеді.

«Іс-шараның негізгі мақсаты - визуалды өнер және ашық диалог арқылы табиғатқа жауапты көзқарас қалыптастыру. Мұндай фильмдер тек ақпарат беріп қана қоймай, нақты әрекетке шабыттандырады деп есептейміз», - деді СҚО еріктілер фронт-офисінің үйлестірушісі Ғаббас Алмагуль.

Көрсетілімнен кейін «сұрақ–жауап» форматындағы интерактивті бөлім ұйымдастырылды. Студенттер, еріктілер және белсенді жастар қалдықтарды сұрыптау, пластикті қайта өңдеу және жергілікті эко-бастамаларға қатысу тақырыптарын талқылады. Қатысушылар жеке экологиялық ізді қалай азайтуға болатынын, еріктілік эко-дағдыларын қайда меңгеруге болатынын және өңірде табиғи ресурстарды сақтау бағытында қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады. Әңгіме барысында жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі әр адамның рөліне ерекше мән берілді.

«Фильмді көргеннен кейін әрі мұңайдым, әрі шабыттандым. Ластанудың ауқымы шынымен шок тудырады. Бірақ мен еріктілермен бірге тазалық жұмысына шығу сияқты шағын қадамдардың өзі біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін түсіндім. Бұл фильм табиғаттың біздің көмегімізге мұқтаж екенін тағы да еске салды», - деді студент Тайманова Динара.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай визуалды форматтар жастарға экологиялық сын-қатерлердің маңызын тереңірек ұғындырып, нақты өзгерістерге ынталандырады. Олар мұндай кездесулерден кейін еріктілер қатары жаңа қатысушылармен толығып, жастар өздерінің экологиялық бастамаларын ұсынуға белсенді кірісетінін атап өтті.

«Біз «жасыл кинотеатр» дәстүрге айналуы тиіс деп сенеміз. Тек ағарту, тарту және нақты әрекет арқылы ғана қоршаған ортаны бірге тазарта аламыз», - деп түйіндеді Ғаббас Алмагуль.

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазасел #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan