
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» ұлттық байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.
Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» премиясының Гран-при жүлдесі Ақжар ауданының «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС-не берілді. Компания корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейі және өңірдің аграрлық секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.