
Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Солтүстік Қазақстан облысы дамуының қорытындыларына тоқталды.
Биыл өңір айтарлықтай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді: инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында жаңа жұмыс орындары ашылды. Заман талабына сай әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Баспасөз мәслихатының негізгі бөлігі «сұрақ-жауап» форматында өтті. Журналистер өңірдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Барлық тақырыптарға нақты жауаптар берілді.