Жас Өркен шағын ауданында жаңа мұз айдыны ашылды

Жас Өркен шағын ауданында жаңа мұз айдыны ашылды

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән беріп келеді. Осы бағытта өңірде тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және дене шынықтырумен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған заманауи спорттық нысандар кезең-кезеңімен салынып жатыр.

Бүгін Жас Өркен шағын ауданында жаңа мұз сарайы ашылды.

Нысанда канадалық стандарттарға сай жабдықталған хоккей алаңы, бес жолақты 25 метрлік бассейн, командалық спорт түрлеріне арналған әмбебап ойын залы орналасқан.

Жаңа кешен бұқаралық спортты одан әрі дамытуға елеулі серпін беріп, спортпен айналысатын тұрғындардың санын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары облыстағы спорттық инфрақұрылым айтарлықтай нығайды. Өңірде тұрғындардың барлық жас санатына арналған екі мыңнан астам спорт нысаны: стадиондар, бассейндер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мини-футбол алаңдары және басқа да спорттық орындар жұмыс істейді.