Облыс әкімі Кристина Шумекованы  жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

Облыс әкімі Кристина Шумекованы  жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

Жерлесіміз Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үш алтынды қанжығасына байлады.

«Бұл үлкен жетістік - Кристинаның таланты мен табандылығының айқын көрінісі. Жерлесіміз халықаралық аренада еліміз бен өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның спорттық беделін биік көтерді.

Оның бұл жетістігі - барша халқымыз үшін үлкен мақтаныш әрі жас спортшыларға үлгі. Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін!»,- деді өңір басшысы.